Лавров Донбасста жаңа бір қақтығыстың Украинаны құртатынын ескертті

Лавров Донбасс аймағында жаңа соғыс әрекеттерінің елді жойып жіберетінін мәлімдеді.

1613606
Лавров Донбасста жаңа бір қақтығыстың Украинаны құртатынын ескертті

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинаның Донбасс аймағында жаңа соғыс әрекеттерінің елді жойып жіберетінін мәлімдеді.

Лавров Ресей президенті Владимир Путиннің дағдарыс туралы мәлімдемесіне мысал келтіре отырып, «Донбасста жаңа соғыс бастағысы келгендер Украинаны құртады. Путин бұл туралы жақында айтып еді, бұл әлі де шындық» деді.

АҚШ президенті Джо Байденнің Путин туралы «Путин – қандықол» деп бағалаған және АҚШ-тағы сайлауға қатысы бар екенін алға тартып «беделін өтейтіні» жөніндегі мәлімдемесін еске салған Лавров «Байденнің АВС телеарнасында сөйлеген сөзі бұрын-соңды болып көрмеген қатаң сөздер. /.../ Байден билікке келе салып, Ресейге қарсы санкциялар іске қоса бастады, әр салада қатаң сөздер қолданады және әр салада қысым жасауға тырысады. Бұл ұзақ жылдардан бері жалғасып келген жағдай» деді.

Путиннің Байденге «дипломатиялық» және «сыпайы» сөйлемдермен наразылық көрсеткенін және тікелей эфирде бетпе-бет кездесу ұсынғанын еске салған Лавров «Өкінішке орай, тікелей эфирде сөйлесу жайлы ұсынысына жауап қайтарылмады» деді.

Ресей мен Еуроодақ (ЕО) арасындағы қарым-қатынастарға тоқталған Лавров ЕО-пен қарым-қатынастарды жандандыруға дайын екендіктерін және ЕО-қа жеткізетін энергиялық ресурстарының саяси қысым құралы ретінде қолданылмайтынын атап көрсетті.

Лавров ЕО-тың «жаман мақсатты» әрекеттеріне болса жауап қайтарылатынын баса айтты.



Ұқсас жаңалықтар