Мьянмада армия бітім жариялады

CRPH армияның атазаңын танымайтынын білдірді.

1612622
Мьянмада армия бітім жариялады

Мьянмада әскери төңкеріс арқылы сайланған үкіметті төңкерен армия елде бір айлық бітім жариялады.

Ұлтқа үндеу жолдаған Мьянма Бас штаб төрағасы Мин Аун Хлаинг елдегі қарулы этникалық топтармен бейбітшілік келіссөздерінің жүргізілуі және 13-16 сәуір күндері болатын діни мерекенің тыныш өткізілуі үшін 30 сәуірге дейін армияның бір жақты бітім жариялағанын хабарлады.

Генерал бітімнің кейбір ерекшеліктері бар екенін атап көрсетіп: «Үкіметтің ісін бұзатындарға қарсы армия қоғамдық тәртіпті сақтайды» деді.

Сонымен қатар төңкеріске қарсы этникалық қарулы топтардың бірі Качин тәуелсіздік армиясы Мьянма армиясы үшін стратегиялық маңызды полиция бөлімшесін басып алды.

Качин тәуелсіздік армиясы мен Карен ұлттық бірлігі атты қарулы топтар хунтаға қарсы демонстранттарды қорғайтынын хабарлаған болатын.

Басқа жағынан Мьянмада оппозиция депутаттары құрған Ұлттық Мәжіліс атынан комитет CRPH армияның атазаңын танымайтынын білдірді. Бір мезгілден бері хунтаға қарсы уақытша азаматтық үкімет пен этникалық қарулы топтардың көмегімен федералдық армия құруға тырысқан CRPH өздері дайындаған Уақытша атазаңды жариялады. Олар уақытша үкімет құру жұмыстарын бастағандарын да білдірді.



Ұқсас жаңалықтар