Бразилияда коронавирустың жаңа штаммы табылды

Вирус анықталған кісі Оңтүстік Африкаға бармаған және барған адамдармен байланыста болмаған.

1612816
Бразилияда коронавирустың жаңа штаммы табылды

Бразилияда коронавирустың жаңа штаммы табылды.

Сан-Паулу штатында биологиялық зерттеулер жүргізген Бутант Институты төрағасы Димас Ковас коронавирустың Оңтүстік Африка вариантына ұқсас ерекшеліктерге ие жаңа штамм табылғанын білдірді.

Вирус анықталған кісі Оңтүстік Африкаға бармаған және барған адамдармен байланыста болмаған.

Ковас сондықтан жаңа штаммның елдің Амазонас штатына қарасты Манаос қаласында табылған бір түрдің мутацияға ұшыраған штаммы болуы мүмкін екенін айтты. Вирус анықталған адаммен байланыста болған кісілер карантинге алынды. Жаңа штамм әзірге бір кісіде анықталды.

210 миллион тұрғыны бары Бразилия - Америка Құрама Штаттарынан кейін эпидемия қатты әсер еткен екінші ел. Соңғы бір аптадан бері елде бір күнде орташа 2 мың 700 адам вирустан қайтыс болып, 75 мың адам вирус жұқтырып отыр.



Ұқсас жаңалықтар