15 миллион доза вакцина қоқысқа кетті

Оқиғаға байланысты тергеу басталды.

1612573
15 миллион доза вакцина қоқысқа кетті

Америка Құрама Штаттарының Бальтимор қаласында дәрі компаниясы Johnson&Johnson-ның шамамен 15 миллион доза коронавирус вакцинасы өндіріс базасында қоспалары араласып кеткендіктен қоқысқа кетті.

New York Times газетінің хабарына қарағанда, Бальтиморда әрі Johnson&Johnson, әрі  AstraZeneca вакциналары өндірілген базада қоспалар араласып кеткендіктен миллиондаған дозаның таратылуы тоқтатылды. Шамамен 15 миллион доза вакцина қоқысқа кетті. АҚШ Азық-түлік және Дәрі басқармасы аталмыш «адамдық қатеге» байланысты тергеу бастады.

Johnson&Johnson компаниясының бір доза коронавирус вакцинасының вакциналау процесін жылдамдатуы күтілген еді.



Ұқсас жаңалықтар