Вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуді ұсынды

Николас Мадуро вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуге дайын екендерін айтты.

1611007
Вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуді ұсынды

Венесуэла мемлекет басшысы Николас Мадуро коронавируспен күрес үшін қажетті вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуге дайын екендерін айтты.

Мадуро мемлекеттік арнадан мәлімдеме жасады.  Ол вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуді ұсынды. «Венесуэланың мұнай танкерлері бар.  Біздің мұнайымызды сатып алатын клиенттер де бар. Вакцинаның ақысын мұнаймен төлеуге дайынбыз» деді ол.

Вакцинаның ақысын шетелде Венесуэланың бұғатталған есепшоттарынан да төлеуге болатынын атап көрсеткен Мадуро: «Дипломатиялық және саяси каналдар арқылы шетелдерге хат жолдадық.  Венесуэлаға қажет вакциналарды бізге жолдасын, ақысын бұғатталған есепшоттардан алсын» деді.

Мадуро осы ұсыныс қабылданған жағдайда,  елдің вакцина мұқтаждығының 20 пайызына дөп келетіндей 2,4 миллион доза вакцинаға қол жеткізетіндерін айтты.

Венесуэлаға бірінші рет вакцинаны Қытайдың Sinopharm компаниясы мен орыстар жеткізген болатын.



Ұқсас жаңалықтар