Бозкыр мен Блинкен видео конференция арқылы кездесу өткізді

Олар БҰҰ мен Америка Құрама Штаттарының жақын ынтымақтастығына тоқталды.

1611026
Бозкыр мен Блинкен видео конференция арқылы кездесу өткізді

БҰҰ 75-ші Бас ассамблеясының төрағасы Волкан Бозкыр мен АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен видео конференция арқылы сөйлесті.  Олар БҰҰ мен Америка Құрама Штаттарының жақын ынтымақтастығына тоқталды.

Кездесудің баспасөзге ашық тікелей жарияланған бөлімінде Волкан Бозкыр Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-ның маңызды серігі екенін атап көрсетті. Ол жаңа әкімшіліктің халықаралық ұйымдарға қайта қосылуының қуантарлық жағдай екенін айтты. Бозкыр сонымен бірге АҚШ пен БҰҰ арасындағы жақын ынтымақтастықты күткендерін білдірді. Бозкыр видео конференцияда коронавирус эпидемиясы және вакцинаның әділ таратылуы, Мьянмадағы төңкеріс, Сирия дағдарысы мен Израиль-Палестина проблемасын қолға алатындарын атап көрсетті.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен де аталмыш проблемаларды ешбір елдің жалғыз өзі шеше алмайтынын айтып, Америка Құрама Штаттарының ынтымақтастық тақырыбында жаңа және үздік жолдар іздегенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар