Нигерияда Боко Харамға ауыр соққы берілді

Нигерия армиясы елдің солтүстік шығысында террор ұйымы Боко Харамның 48 мүшесінің өлтірілгенін жариялады.

1610456
Нигерияда Боко Харамға ауыр соққы берілді

Нигерияның солтүстік шығысында террористік ұйым Боко Харамға қарсы операцияда 48 террорист өлтіріліп кепілге алынған 11 адам құтқарылды.

Нигерия армиясы баспасөз хатшысы Мұхаммед Йерима Борно штатының Чибок және Аскира аймақтарында Боко Харамға қарсы операция жасалғанын жариялады.

Йериманың айтуынша, операцияларда «Боко Харамның» 48 мүшесінің өлтірілгені, көптеген террористтің болса жаралы қашып кетті.

Операцияларда Боко Харамның кепілінде болған 11 адам құтқарылғаны, құтқарылғандардың біреуінің жаралы екені білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар