Мұрағатты қайтарып берді

Ирак Кувейттің мұрағатын қайтарды.

1610541
Мұрағатты қайтарып берді

Саддам Хүсейін кезінде Кувейтті басып алу барысында тәркіленген мұрағаттың үшінші партиясы Кувейтке тапсырылды.  Бұл туралы Ирак білдірді.

Ирак Сыртқы істер министрлігі мұрағаттың бір бөлігінің Кувейттегі Шейх Сууд әл Насыр Дипломатиялық зерттеулер институтына тапсырылғанын білдірді.

Тапсырылған мұрағат жәдігерлері Информация министрлігінің видео кассеталары, елдегі институт пен факультеттердің құжаттарынан тұрады.

Кувейт ресми ақпарат агенттігі БҰҰ Кувейт координаторы Тарык әл Шейхтің де тапсыру барысына қатысқанын хабарлады.


Этикеттер: #мұрағат , #Кувейт , #Ирак

Ұқсас жаңалықтар