Индонезиядағы мұнай зауытында жарылыс болды

Батыс Ява уәлаятындағы мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста 20 адам жарақат алды.

1610263
Индонезиядағы мұнай зауытында жарылыс болды

Индонезияның Батыс Ява уәлаятына қарасты Индрамайу аймағындағы бір мұнай өңдеу зауытында болған жарылыстың салдарынан 20 адам жарақат алды.

Republika газетінің хабарына қарағанда мемлекетке тиесілі мұнай фирмасы Pertamina-ның Балонган мұнай өңдеу зауытындағы жарылыста бесеуі ауыр күйде, барлығы 20 адамның жарақат алғанын мәлімдеген лауазымдылар жаралылардың емдерінің ауруханада жалғасқанын білдірді.

Жарылыстың себебі әлі белгісіз, өңдеу зауытындағы өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Аймақтан жүздеген адамның эвакуацияланғаны атап көрсетілді.

Куәгерлердің айтуынша жергілікті уақытпен 00.30-да болған жарылыстың қарқынынан айналадағы тұрғын аймақтарында көптеген үйдің әйнектері сынды.



Ұқсас жаңалықтар