Украина түрік пилотсыз ұшақтарын сынақтан өткізді

Украин армиясы Түркиядан сатып алған «Байрактар TB2» пилотсыз әуе көліктерін сынақтан өткізді.

1609713
Украина түрік пилотсыз ұшақтарын сынақтан өткізді

Украин армиясы Түркиядан сатып алған «Байрактар TB2» пилотсыз әуе көліктерін Қаратеңіздегі бір жаттығу аясында сынақтан өткізді.

Украина Қорғаныс министрлігіне қарасты ArmyInform ақпараттық агенттігінің хабарламасында «Байрактар ​​TB2 пилотсыз әуе көліктері Украина материгінен Қаратеңіздегі Тендра-Дили аралына ұшты. Әуе көліктері маневрлерге қатысты әртүрлі оқу-жаттығулық тапсырмаларды орындады» делінді.

Украина Тендра-Дили аралында әртүрлі әскери-теңіз флоты бөлімшелерімен оқу-жаттығу және соғыс дайындықтары өткізгенін жариялады.

Украина Теңіз күштерінің биылғы оқу-жаттығуы барысында ең ұзақ ұшу қашықтығына ие "Байрактар ​​TB2" пилотсыз әуе көліктерін сынақтан өткізгенін және бір флот құратынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар