Мысырда 2 жолаушы пойызы соқтығысты

Мысырдың оңтүстігінде болған теміржол апатынан 32 адам қаза тауып, 66 адам жарақат алды.

1609210
Мысырда 2 жолаушы пойызы соқтығысты

Денсаулық сақтау министрлігі жасаған мәлімдемеде Ніл өзенінің жағасындағы Сухадж қаласының Тахта ауданында екі жолаушы пойызының соқтығысқаны білдірілді.

Мәлімдемеде апат салдарынан 32 адамның қайтыс болып, 66 адамның жарақат алғаны атап көрсетілді. 3 вагон рельстен шығып кеткен оқиғаға байланысты тергеу басталды.

Мысырда темір жолдарының ескіргені себепті апаттарының соңғы кездері көбейгені атап көрсетілді.

Соңғы рет 2020 жылы 9 желтоқсанда пойыз апаты болып, 22 адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар