АҚШ президенті ЕО басшыларымен онлайн бас қосты

АҚШ президенті Джо Байден ЕО пен АҚШ ынтымақтастығын қайта жандандыруға шақырды.

1608951
АҚШ президенті ЕО басшыларымен онлайн бас қосты

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден Еуроодақ мүшесі елдердің басшыларын АҚШ-ЕО ынтымақтастығын қайта жандандыруға шақырды.

Ақ Үй әкімшілігінен жасалған мәлімдемеде Байденнің Еуроодақ (ЕО) саммиті аясында онлайн жиналысқа қатысқаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде ЕО-қа мүше 27 елдің мемлекет және үкімет басшылары қатысқан саммитке Еуроодақ Кеңесі төрағасы Шарль Мишельдің төрағалық жасағаны айтылып, Байденнің жиналыста ЕО пен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты қайтадан жандандыруға табанды екендігі тағы бір рет тілге тек етілді.

Мәлімдемеде Байденнің қуатты бір Еуроодақтың АҚШ-тың мүддесіне екеніне назар аударылып, ортақ демократиялық құндылықтардың әлемнің ең үлкен сауда және инвестиция ортақтығының маңыздылығын көрсеткені білдірілді.

Байденнің жаңа типтегі коронавируспен күрес, климаттың өзгерісі қаупінің қолға алынуы, экономикалық байланыстарды тереңдету және автократтардан гөрі демократиялардың шешуші болуы сияқты мәселелер бойынша тығыз ынтымақтастыққа шақырғаны айтылды.

Мәлімдемеде «Президент Байден Қытай мен Ресейге қоса ортақ сыртқы саяси мүдделер бойынша бірлесіп жұмыс істегісі келгенін тілге тиек етті. Сонымен қатар Түркия, Оңтүстік Кавказ, Шығыс Еуропа мен Батыс Балқан елдері тақырыбында да ЕО пен АҚШ-тың байланыстарын жалғастыру керектігін баса айтты» делінді.



Ұқсас жаңалықтар