Он жыл ішінде су тапшылығы басталады

Басқа да жаһандық проблемалар жағдайды күрделендіре түседі.

1606340
Он жыл ішінде су тапшылығы басталады

Адам баласы он жылдың ішінде жаһандық су тапшылығымен бетпе-бет қалуы мүмкін. ЮНЕСКО-ның Әлемдік су есебіне қарағанда, 2030 жылына дейін су тапшылығы әлем көлемінің 40 пайызына тарайды,  басқа да жаһандық проблемалар жағдайды күрделендіре түседі.

Есепте жазғанға қарағанда, коронавирус эпидемиясы себеп болған жаһандық дағдарыс су қолжетімділігі тақырыбын анық көрсетіп берді. Бүгінгі таңда екі миллиардтан көп адам таза ауыз суына қол жеткізе алмай отыр.
Суды тиімсіз қолдану су тапшылығына жол ашып отыр. Табысы төмен және орта деңгейдегі 140 елдің суға қол жеткізуі мақсатымен 2016-2030 жылдары арасында бөлінуі керек жылдық қаражат 114 миллиард долларға жетті.
Судың негізгі адам құқықтары ретінде танылуы үшін инфрақұрылымға, ыңғайлы технологияға және су көздерінің қолданылуына инвестиция салу қажет. Су көздерінің зерттелуі де өте маңызды.

 



Ұқсас жаңалықтар