НАТО Сыртқы істер министрлері бас қосты

Түркия атынан Мевлүт Чавушоғлу қатысуда.

1606849
НАТО Сыртқы істер министрлері бас қосты

НАТО елдерінің Сыртқы істер министрлері бір жылдан астам уақыттан кейін бірінші рет бетпе-бет кездесіп отыр. Брюссельдегі жиналысқа Түркия атынан Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу қатысуда.

Жыл ішінде жоспарланған НАТО саммитіне дайындық іспеттес екі күндік осы жиналыстың бірінші күні Бас хатшы Йенс Столтенберг  дайындаған НАТО-ның болашағы жөніндегі «НАТО 2023» жобасы талқыланады.

Министрлер артынан НАТО-ның Ауғанстандағы болмысы мен Ауғанстан бейбітшілік процесі туралы көзқарас алмасады.

Бірінші күні айырықша одақтың Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкаға көзқарасы қаралады және осы аймақтың қайта құрылуы үшін қандай қадам басуға болатыны қолға алынады.

НАТО Сыртқы істер министрлерінің  екінші күнінде болса Ресей тақырыбы талқыланады.

Столтенберг бұдан бұрын Ресейдің оппозицияға қысым жасағанын,  кибер шабуылдар арқылы НАТО елдеріндегі сайлауға киліккенін, демократияға қарсы әрекеттер жасағанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар