Путиннің ұсынысын қабылдамады

Песков «Бүгін кездесу ықтималы жоқ. Америка Құрама Штаттары дайын емес сияқты» деді.

1606088
Путиннің ұсынысын қабылдамады

Ресей Путиннің ұсынысын Байденнің қабылдамағанын білдірді.

Ресей Сыртқы істер министрлігі хабарлама жариялап, Владимир Путиннің 19  наурыз немесе 22 наурыз күні Байденмен екі жақты проблемалар және стратегиялық тұрақтылық тақырыбын талқылау үшін онлайн кездесу талап еткенін, алайда ұсынысты Америка Құрама Штаттарының қабылдамағанын хабарлады.

Хабарламада «Орыс – АҚШ қатынастарында Вашингтонның қатесімен қалыптасқан тұйыққа тірелуден шығар жол табу үшін тағы бір мүмкіндіктен айрылып қалдық. Бұның жауапкершілігі АҚШ-та» деп айтылды.

Ресей әкімшілігінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та «Бүгін кездесу ықтималы жоқ. Америка Құрама Штаттары дайын емес сияқты» деді.

АҚШ президенті Байден 17 наурыз күні Путин туралы «қандықол қанішер» деп, Ресей АҚШ сайлауына араласты деген сылтаумен «ақысын төлейді» деген болатын.

Путин де Байденге «денсаулық» тілеп, «Басқа ел, мемлекет, халық немесе адамдар туралы айтқанда алдымен айнаға қарау керек.» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар