Мичотакистен жекеменшік саладағы дәрігерлерге наразылық

Мичотакис «Ұлттық Денсаулық жүйесіне қосылыңыз» шақыруына қолдау бермеген дәрігерлерге наразылық көрсетті.

1605701
Мичотакистен жекеменшік саладағы дәрігерлерге наразылық

Грекия премьер-министрі Кириакос Мичотакис жаңа типтегі коронавирус (ковид-19) салдарынан мемлекеттік ауруханаларда артқан науқас санының азайтылуы үшін жекеменшік салада жұмыс істейтін дәрігерлерге «Ұлттық денсаулық сақтау жүйесіне қосылыңыз» шақыруына қанағаттанарлық деңгейде жауап қайтарылмағанына наразылық көрсетті.

Мичотакис To Vima газетіне берген сұхбатында дәрігерлерге қарсы қажетті жағдайда атазаңның өзіне берген «міндетті қызметке тағайындау» жауапкершілігін қолданатынын атап көрсетті.

Әрқашан алғашқы қадам ретінде ынтымақтастықты қалағандарын білдірген Мичотакис «Дәрігерлерді қызмет етуге міндеттеу жеткіліксіз. Оларды ынталандыруымыз керек» деді.

Грекия Денсаулық сақтау министрі Василис Кикилиас 17 наурыз күні өткізген баспасөз мәслихатында жекеменшік салада жұмыс істейтін 200 шақты дәрігерді Ұлттық Денсаулық сақтау жүйесіне қосылуға шақырған, бірақ текқана 45 дәрігер шақыруға болымды жауап қайтарған болатын.



Ұқсас жаңалықтар