БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі айыптады

Қауіпсіздік кеңесі біріккен мәлімдеме жариялады.

1599081
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі айыптады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Мьянмада төңкерістен кейін шерушілерге бағытталған күш қолдануды бірінші рет айыптады және армияны сабырлы болуға шақырды.

Мьянмада армия билікті өз қолына алғаннан кейін бұдан бұрын тек елде болып жатқан оқиғалардың алаңдататынын ғана мәлімдеген,  алайда төңкерісті айыптауға жақындамаған БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі бұл жолы шерушілерге күш қолдануды айыптау тақырыбында келісті.

Қауіпсіздік кеңесінің біріккен мәлімдемесінде төңкеріске қарсы шерулерде азаматтарға күш қолдану бірінші рет айыпталды және армия сабырлы болуға шақырылды. Төңкерісті айыптау сөйлеміне болса Қытай мен Ресей наразылық білдірді. Сондықтан ол мәлімдемеде орын алмады.

Он бес мүшесі бар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі айырықша Мьянмада демократиялық процестің және құқықтың үстемдігінің қамдалуын, адам құқықтарына құрмет көрсетілуін сұрады.



Ұқсас жаңалықтар