Мьянмадағы жағдай

Янгондағы шеруде төрт адам қаза тапты.

1597736
Мьянмадағы жағдай

Мьянманың ең ірі қаласы Янгонда қауіпсіздік күштері Саншаунг ауданын қоршап алып, алаңда қоршауда қалған шерушілерді қамауға алғысы келді. Оларға  наразылық көрсету барысында төрт адам қаза тапты.

Ел баспасөзінде орын алған хабарларға қарағанда, Янгонға қарасты көптеген ауданда көптеген адам коменданттық сағатқа қарамастан алаңға шықты. Шерулерде төрт адам қаза тапты.

Янгондағы шетелдік елшілер мен БҰҰ әскери хунтаны шерушілердің үйлеріне оралуына рұқсат беруге шақырды.

Қауіпсіздік күштері қоршауды алып тастап, шерушілердің ауданнан кетуіне рұқсат берді.

Мьянма баспасөзіне мәлімет берген активисттер жүздеген шерушінің таңнан бастап ауданнан шыға бастағанын айтты.  Кейбір шерушілер Саншаунгта тұратын азаматтардың көмегімен қамауға алынудан аман қалды. Кейбір шерушілер қамауға алынған.

Сонымен қатар Тайланд армиясы гуманитарлық дағдарыс себебімен Мьянмадан Тайландты бас сауғалаған азаматтарға есік ашатындарын хабарлады.

Мьянма армиясы 1 ақпан күні билікті төңкеріп, ел басқаруды өз қолына алған болатын. Армия Сыртқы істер министрі және елдің іс жүзіндегі басшысы секілді бірсыпыра қайраткерді қамауға алды. Елде бір жылдық төтенше жағдай жариялады.

Мьянма азаматтары 6 ақпан күні демократия талап етіп, шеру өткізе бастады.



Ұқсас жаңалықтар