Йеменде шыққан өртте 8 кісі қаза тапты

Йемендегі өрт апатында  8 кісі қаза тапқанын, 90-ы ауыр 170 адам да жараланғаны білдірілді.

1596788
Йеменде шыққан өртте 8 кісі қаза тапты

Йеменнің астанасы Санада иммигранттар бақылауға алынған полиция орталығында шыққан өрт апатында алғашқы санаққа қарағанда 8 кісі қаза тапты. 170 адам да жараланды.

Орта Шығыс пен Солтүстік Африка Халықаралық көші-қон ұйымдары аймақтық директоры Кармела Годеа Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде Санада иммигранттар бақылауға алынған полиция орталығында өрт шыққанын хабарлады.

Кармела Годеа өрт апатында  8 кісі қаза тапқанын, 90 кісі ауыр 170 адам да жараланғанын білдірді.

Халықаралық көші-қон ұйымының жаралыларға жедел денсаулық қызметтерін бергені, өрттің шығу себебі әлі анықталмағаны хабарланды.

 



Ұқсас жаңалықтар