Данияда коронавирустың 31 штаммы кездесті

Данияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2 мың 379-ға жетті.

1597207
Данияда коронавирустың 31 штаммы кездесті

Данияда коронавирустың 31 штаммы кездесті.

Денсаулық сақтау министрі Магнус Хенрике әлеуметтік медиа желісінен жасаған хабарламасында, соңғы кездері елде коронавирустың тағы 15 түрі кездескенін білдіріп, Данияда қазірге дейін жалпы 31 штаммы анықталғанын айтты.

Данияда Ұлыбританияда ортаға шыққан,  ковидтың мутацияға ұшыраған,  жылдам тарайтын түрі B117-мен бірге Оңтүстік Африкада табылған B1351 мен Бразилияда анықталған P1 штаммдары да байқалды.

Данияда коронавирустан қайтыс болғандардың саны 2 мың 379-ға, оқиға саны да 214 мың 839-ға жетті.



Ұқсас жаңалықтар