Әлиев пен Столтенберг Түркияға көңіл айтты

НАТО Бас хатшысы Чавушоғлуна телефонда НАТО-ның Түркиямен ұйымшылдық ішінде екенін жеткізді.

1595329
Әлиев пен Столтенберг Түркияға көңіл айтты

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Битлисте әскери тікұшақтың құлауы себепті шейіт болған әскерлер үшін Түркияға көңіл айтты.

Әлиев президент Режеп Тайып Ердоғанға сәлем жолдап:

"Битлисте әскери тікұшақтың құлауы салдарынан түрік әскерлерінің шейіт болған хабарына қатты қайғырдым. Сізге, шейіт отбасындағыларына және түрік халқына жеке басым мен Әзербайжан халқы атынан шынайы көңіл айтамын, жаралыларға шипа тілеймін. Алла шейіттерімізге иманын берсін!" деді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна телефон шалып, көңіл айтты.

Бас хатшы телефонда НАТО-ның Түркиямен ұйымшылдық ішінде екенін жеткізді.

Астана Анкарадағы шетелдік ұйымдар әлеуметтік желіден жасаған мәлімдемелерінде түрік халқының қайғысына ортақ екеніндерін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар