Ауғанстанда қар көшкіні
Апатта 14 адам қаза тапты.
1595464
Ауғанстанның солтүстік шығысындағы Бадахшан уәлаятында қар көшкіні салдарынан 14 адам қаза тапты.
Бұл туралы Бадахшан әкімдігінің баспасөз хатшысы Ник Мұхаммед Назари хабарлады. Ол қар көшкінінде төрт адамның жарақат алғанын, қар астында басқа да адамдардың болуы мүмкін екенін айтты.
Аймақта құтқару жұмыстары жүргізілуде.
Ұқсас жаңалықтар
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары тұтқындалды
Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Иванов «жемқорлықпен күрес» аясында ұсталды.
Ямайка Палестинаны мемлекет ретінде мойындады
Министрлер кеңесі Палестинаны мемлекет ретінде ресми түрде тануға шешім қабылдады.