НАТО-дан Еуропаға ұсыныс

Ол Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы байланыстың нығайтылуы керектігін айтты.

1594727
НАТО-дан Еуропаға ұсыныс

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг қорғаныста Америка Құрама Штаттарына тәуелділікті азайтып, «стратегиялық түрде автономды» болғысы келетін Еуропа Одағына осы мақсаттың орнына «стратегиялық ұйымшылдық» ұсынысын жасады.

НАТО Бас хатшысы Столтенберг ЕО кезекті төрағасы Португалия ұйымдастырған парламенттер арасы жиналыста сұрақтарға жауап берді. НАТО мен Еуропа Одағының алдында терроризм, кибер шабуылдар, Ресей және Қытай секілді қауіптер бар екенін атап көрсеткен бас хатшы Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы байланыстың нығайтылуы керектігін айтты.  Ол транс-атлантик байланысының әлсіреуінің тек НАТО-ны ғана әлсіретпейтінін, Еуропаны да бөлетінін атап көрсетті.

Столтенберг терроризммен Еуропаның да, Америка Құрама Штаттарының да жалғыз өзі күресе алмайтынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар