Байден әкімшілігі стратегиялық құжат жариялады

Құжатта маңызды барлық тақырыптарға орын берілген.

1594897
Байден әкімшілігі стратегиялық құжат жариялады

Америка Құрама Штаттары президенті Джо Байден әкімшілігі ұлттық қауіпсіздік стратегиясының уақытша құжатын жариялады.

Құжатта Америка Құрама Штаттарының ең мықты әскери болмысының Тынық мұхиты және Еуропада болатынына назар аударылды, Таяу Шығыстағы әскери болмыстың белгілі мұқтаждықтарға сай қалатыны білдірілді. Құжатта коронавирус эпидемиясынан жаһандық климат өзгерісіне, Қытай мен Ресей секілді Америка Құрама Штаттарына бәсекелес күштердің нығаюынан артып отырған ұлтшылдыққа, технологиялық өзгерістерге дейін көптеген тақырыпқа орын берілді. Сонымен бірге жаһандық күш таралымының өзгергені, осы өзгерістің АҚШ үшін жаңа қауіптер қалыптастыратыны айтылды.

Америка Құрама Штаттарында әрбір президент міндетке келгеннен кейін ұлттық қауіпсіздікке байланысты стратегиялық құжат жариялайды.

 



Ұқсас жаңалықтар