Кедей елдерге вакцина жетіспейді

Кедей елдерге вакцина сатылы түрде жеткізілуде.

1593873
Кедей елдерге вакцина жетіспейді

Коронавирус эпидемиясына қарсы Америка Құрама Штаттары мен Еуропа Одағы жүз миллиондаған доза вакцина қамдауды кепілге алса,  142 кедей ел мамыр айының аяғына дейін тек 237 миллион доза вакцина ала алады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен жаһандық деңгейде вакцинаға әділ қолжетімділік бағдарламасы Covax-тан жасалған хабарламаға қарағанда, 142 кедей елге мамыр айының аяғына дейін тек 237 миллион доза вакцина таратылады.
Covax кедей елдерге вакцинаның ақпан-наурыз және сәуір-мамыр деп екі сатыда таратылатынын, өткен апта Гана және Пілтісіне бірінші партияның жеткізілгенін білдірді. Covax-ты «теңдесі жоқ серіктестік» деп атаған ДДСҰ бас директоры Гебрейесус та кеше Ангола, Камбоджа, Конго Демократиялық Республикасы және Нигерияға да вакцина жолданғанын хабарлады. Сонымен қатар Еуропа Одағы ұзын мерзімде кемінде 600 миллион доза қамдайтын болды.

Өткен ай 72 миллион 806 мың 180 доза вакцина егілген Америка Құрама Штаттарында президент Джо Байден әкімшілігі шілде айына дейін 600 миллион доза вакцина қамдауды жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар