Вакциналардың бір дозасы ғана ауруханаға жатуды азайтты
Вакциналардың бір дозасының коронавирустан ауруханаға жату жағдайын 80 пайыз азайтқаны білдірілді.
Pfizer-BioNTech және Oxford-AstraZeneca вакциналарының бір дозасының коронавирустан ауруханаға жату жағдайын 80 пайыз азайтқаны білдірілді.
Ұлыбритания Халық денсаулығы мекемесі екі вакцинаның ковид инфекциясын азайтудағы әсерінің алғашқы анықтамаларын жариялады. Осыған орай, вакцина егілгеннен төрт аптадан кейін Pfizer-BioNTech вакцинасының бір дозасының ковидке қарсы қорғауда 57-61, Oxford-AstraZeneca вакцинасының 60-73 пайыз ықпалды болғаны атап көрсетілді.
Екі вакциның бір ғана дозасы 80 жас және одан үлкен кісілерге салынғаннан шамамен 3-4 аптадан кейін ауруханаға жатып емделуді 80 пайызға азайтқан. Pfizer вакцинасының коронавирустан өлімді 83 пайыз азайтқаны жөнінде де айғақтар табылды.
Денсаулық сақтау министрі осы анықтамалар туралы «мықты» деген пайым жасады. Ол вакциналардың әрі ауруханалардағы қысымды азайтуға, әрі өмір аман алып қалуға көмектескенін атап айтты.
Коронавирустың жылдам тарайтын штаммына байланысты Ұлыбританияда оқиғалар мен осыған байланысты өлімдер артқан болатын.
Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанда туристерге жасалған шабуылды ДАИШ мойнындады
Бамиян провинциясындағы туристік аймақтарға барған бір топ туристерге қарумен шабуыл жасалды.
Ирландия Палестина мемлекетін мойындайтын болды
Саймон Харрис Палестина мемлекетін айдың соңына дейін мойындауға ниетті екендерін айтты.