"Ажырап қалған отбасыларды бірлестіреміз"

АҚШ әкімшілігі босқын балаларды отбасыларымен табыстырады.

1593281
"Ажырап қалған отбасыларды бірлестіреміз"

Америка Құрама Штаттары Ішкі қауіпсіздік министрі Алехандро Майоркас бұрынғы президенті Дональд Трамп кезінде шекарада балаларынан айрылған мигрант отбасылардың АҚШ-та бірлесуіне және елде қалуына рұқсат беретіндерін білдірді.

Майоркас Ақ Үйде баспасөз мәслихатын ұйымдастырып,  Трамп кезеңіндегі босқын саясатын «аяусыз» деп атады. Ол  әсіресе Мексика шекарасынан өткен кезде отбасыларынан айрылып қалған балалар тақырыбында жұмыс жүргізгендерін білдірді.

«Біз шекарадан өтіп жатқан кезде  бір бірінен ажырап қалған мигрант отбасыларды АҚШ немесе өздері келген елде бірлестіруді жоспарлап отырмыз.  Оларға бір таңдау береміз» деді ол.

Майоркас Джо Байден әкімшілігінің отбасы бірлестіру үшін құрылған міндет күшінің қазірге дейін 105 отбасыны табыстырғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар