Әлемде коронавирус

Колумбия AstraZeneca компаниясының вакцинасына жедел қолдану рұқсатын берді.

1590393
Әлемде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың әлем бойынша саны 2 миллион 508 мың 940-тан асты.  Вирус жұқтырғандардың саны 113 миллион 101 мыңнан,  сауығып кеткендердің саны 88 миллион 723 мыңнан асты.

Вирустан өлім-жітім 518 мың 363 болған, эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырғандардың саны 28 миллион 974 мың 620-дан асты. Елдің Калифорния штатында коронавирустың жұқпалырақ және қауіпті жаңа штаммының табылғаны алға тартылды. АҚШ Азық-түлік және дәрі департаменті Johnson and Johnson компаниясы тарапынан жетілдірілген коронавирус вакцинасының «сенімді және ықпалды» екенін, ауруға қарсы 66 пайыз қорғау қамдағанын білдірді. Америкадағы Pfizer, Moderna және Johnson and Johnson компаниялары наурыз айының аяғына дейін 240 миллион доза вакцина қамдауға уәде берді. АҚШ үкіметі бес түрлі компаниямен шамамен 600 миллион адамға жететін, барлығы бір миллиардтан астам доза вакцина үшін келісімге келген еді.

 Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы 24 сағатта 442 адам қайтыс болды.  9 мың 938 адамға вирус жұқты.  Елде өлім-жітім 121 мың 747, вирус жұқтырған адамдардың саны 4 миллион 144 мың 577 болды.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы бір тәулікте 318 адам қайтыс болды.  Осылайша қайтыс болғандардың жалпы саны 96 мың 666-ға жетті. Вирус жұқтырғандардың саны болса 16 мың 424 артып, екі миллион 848 мың 564-ке жетті.
Францияда коронавирус салдарынан соңғы 24 сағатта 277 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 85 мың 321 болды.  Бір күнде 31 мың 519 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны үш миллион 661 мың 410-ға жетті. Францияда эпидемияның екінші толқынында тест қорытындысы позитив шыққан, бірақ симптомы болмаған кейбір медицина қызметкерлерінің дәрігер жетіспегендіктен жұмыс істеуді жалғастырғаны алға тартылды.

Испанияда коронавирустан бір тәулікте 389 адам қайтыс болып, жалпы өлім-жітім 68 мың 468-ге жетті.  Бір күнде 9 мың 212 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны үш миллион 170 мың 644-ке жетті.
Португалияда соңғы 24 сағатта вирустан қайтыс болғандардың саны елу артып, 16 мың 136-ға жетті.  Расталған оқиға саны да мың 480 артып,  800 мың 586-ға жетті.
Коронавирус салдарынан өлім-жітім бір күнде Бразилияда 1428 артып, 249 мың 957-ге, Мексикада мың 6 артып, 182 мың 815 ге, Aргентинада 141 артып,  51 мың 650-ге, Колумбияда 142 артып,  59 мың 260-қa, Чилиде  22 артып,  20 мың 173-ке, Эквадорда 67 артып,  15 мың 634-ке, Боливияда  39 артып, 11 мың 547-ге жетті.

Колумбия AstraZeneca компаниясының вакцинасына жедел қолдану рұқсатын берді.

Болгарияда коронавирус сақтық шектемелері жұмсартылуда. Үкімет 1 наурыз күні мейрамхана, 1 сәуіркүні де ойын-сауық орындарының ашылуына шешім берді.



Ұқсас жаңалықтар