Армениядағы дағдарыс асқынып барады

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Армения Сыртқы істер министрі Ара Айвазянмен телефонда сөйлесті.

1590852
Армениядағы дағдарыс асқынып барады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян әскердің  өзін жұмысын істеуі, шекараларды қорғауы керектігін айтты.

Армения Бас Штаб төрағасы Оник Гаспариян мен жоғары шенді қолбасшылар премьер-министр Пашинянды отставкаға шақырған мәлімдеме жариялаған болатын.

Мәлімдемеде Пашинян үкіметінің маңызды және жеткілікті шешім қабылдай алмайтыны,  бұларға лайықты еместігі атап көрсетілді.

Бас Штаб басқармасының мәлімдемесінде:

"Орнымызды анықтаймыз. Отставкаға шақыру қылмыс көрсету арқылы жасалмады" деп жазылды.

Армения премьер-министрі Пашинян армияның өзіне шақыруын «төңкеріс бастамасы» деп бағалап,  халықты көшеге шығуға шақырды.

Пашинян айырықша Бас Штаб төрағасы Оник Гаспариянды міндеттен алғанын хабарлады.

Оқиғаларға байланысты астана Ереванда мөлшермен 20 мың адам Пашинянның шақыруымен Республика алаңына жиналды.

Премьер-министр Пашинян астанада ұйымдастырылған ереуілден кейін алаңға жиналғандарға үн қатты.

"Әскер  өзін жұмысын істесін, Армения шекараларын қорғасын" деген Никол Пашинян біреулердің армияны атазаңға қарсы келуге айтақтағанын айтты.

Армияның саясатқа араласпай, халыққа және халық сайлаған үкіметке тәуелді болуы керектігін айтқан Пашинян  Бас Штаб төрағасы Оник Гаспариянның отставкаға кетуі керектігін білдірді. 

Пашинян:

"Халық төңкеріске рұқсат бермейді. Тек халықтың талабымен ғана міндеттен кетемін. Кезектен тыс сайлау талабымды қайталаймын. Осы тақырыптағы кездесулерге дайынмын" деп көрсетті. 

Оқиғаға байланысты Кремльден жасалған мәлімдемеде Еревандағы оқиғаларға алаңдап отырғандары, Ресей президенті Владимир Путин мен Пашинянның кездесуі үшін байланыстар жасалғаны хабарланды.

Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков мәлімдемесінде:

"Армениядағы оқиғаларды уайыммен бақылап отырмыз. Бұл Арменияның ішкі істері. Армениядағы барша халықты сабырлы болуға шақырамыз, жағдай Атазаңдық көлемде шешілгені жөн" деп көрсетті.  

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Армения Сыртқы істер министрі Ара Айвазянмен телефонда сөйлесті. 



Ұқсас жаңалықтар