АҚШ-та Прудтың өліміне жол ашқан полициялар «кінәсіз» деп табылды

Нью-Йорк Бас прокуратурасы қазылар алқасының айыптауларды теріске шығарғанын мәлімдеді.

1590388
АҚШ-та Прудтың өліміне жол ашқан полициялар «кінәсіз» деп табылды

Осыдан бір жыл бұрын Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Нью-Йорк қаласында жалаңаш тергеуге алынып, басына пластикалық пакет кигізілген афро-американдық Даниэль Прудтың өліміне себеп болған полиция қызметкерлері «кінәсіз» деп табылды.

Нью-Йорк Бас прокуратурасы қазылар алқасының айыптауларды теріске шығарғанын, психикалық мүгедек Прудтың басына кигізілген пакет салдарынан жарақат алып, бір аптадан кейін қайтыс болуы оқиғасына полиция қызметкерлерінің қатысы жоқ екенін мәлімдеді.

Тергеуді жүргізген Бас прокурор Летисия Джеймс дайындаған қылмыстық іске қатысты «ең мықты дәлелдерді» ортаға қойғандарын, дегенмен үлкен қазылар алқасын полициялардың қылмыс жасағанына көндіре алмағандарын тілге тиек етті.

Джеймс «Пруд отбасы, Рочестер қала тұрғындары және ел көлемінде көптеген адамның осы шешімге көңілі қалғанын білемін» деді.

Пруд отбасының адвокаты Эллиот Шилдс «Бұл жүйе Даниэль Прудқа қатысты тағы қателік жіберді. 22 наурыз күні ауруханадан шығарудың өзі қателік еді. 23 наурыз күні полицияның оған қарсы өлімшіл күш қолдануы да қателік болатын. Ол бүгін тағы жалғыз қалдырылды» деді.

Рочестер қаласында жүздеген шеруші бас қосып, шешімге наразылық білдірді.



Ұқсас жаңалықтар