Нигериядағы 3 бөлек шабуылда 10 адам қаза тапты

Нигерияның Борно уәлаятындағы бомбалы және қарулы шабуылдарда 47 бейбіт тұрғын жарақат алды.

1590022
Нигериядағы 3 бөлек шабуылда 10 адам қаза тапты

Батыс Африка мемлекеті Нигерияның Борно уәлаятында үш бөлек жерде жасалған бомбалы және қарулы шабуылдарда 10 адам қаза тапты, 47 бейбіт тұрғын жарақат алды.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша Борно штатындағы Майдугури қаласындағы Гванге, Булабулин және Калери аудандарында қатты жарылыстар мен қарулы шабуылдар болды.

Шабуыл мен жарылыстарда 10 адам қаза тауып, 47 адам жарақат алған.

Үкімет лауазымдылары жарылыстар болған аймақтарға қауіпсіздік күштерінің жіберілгенін және оқиғамен байланысты тергеу ашылғанын білдірді.

Террор ұйымы Боко Харам аймақта ұқсас шабуылдарды жиі жасауда.

Басқа жағынан Нигерия армиясы Борно уәлаятына қарасты Марте аймағына жасалған операцияда Боко Харам қолындағы аймақты бақылауға алды.

Операцияда көптеген террорист залалсыздандырылып, кейбір террористтердің жаралы қашқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар