Марьют көлінде 2 қайық суға кетті

Мысырдың Марьют көлінде 17 адам мінген екі балықшы қайығы суға кетті.

1588836
Марьют көлінде 2 қайық суға кетті

Алғашқы мағлұматтарға қарағанда 7 адам қаза тапты.

Александрия Полиция дирекциясынан жасалған мәлімдемеге қарағанда араларында балалар да бар бірдей отбасынан 17 адам мінген 2 қайық Марьют көлінде суға кетті және қазірге дейін 7 адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнына көптеген жедел құтқару көлігі, теңіз күзету топтары және іздеу-құтқару топтары жіберілді.

Екі қайықтың әсіресе кешкі ас үшін Бәдәуилер қолданған кішкентай бір аралдан оралған кезде суға кеткені білдірілді.

Көлде іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар