Вирус 2022 жылы аяқталады

Клуге ең нашар жағдайдың артта қалғанын айтты.

1587924
Вирус 2022 жылы аяқталады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус эпидемиясының 2022 жылдың басында аяқталатынын және ең нашар жағдайдың артта қалғанын хабарлады.

Данияның DR телеарнасына мәлімдеме жасаған ДДСҰ Еуропа аймақтық директоры Др. Ханс Клюге 2021 жылының да коронавирус жылы болатынын, алайда 2020 жылға қарағанда «басқаруға болатын» жыл екенін атап көрсетті.  Клюге ең нашар жағдайдың артта қалғанын,  вирус тарала бастаған 2020 жылға қарағанда вирус жөнінде көп мәлімет бар екенін білдірді.

Коронавирус эпидемиясына байланысты не болатынын ешкімнің алдын ала білмейтінін атап көрсеткен Клюге «2022 жылдың басында эпидемия аяқталады деп ойлаймын» деді. «Вирус таралуын жалғастырады,  бірақ шектеулер қажет болмайды деп есептеймін» деді ол.

Вирустың мутацияға ұшырауының қалыпты жағдай екенін айтқан Клюге вирус жұққан адамға сәйкесуге тырысқанын, алайда мутациялардың жылдам тарауының алаң туғызғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар