Рафаэль Гросси мен Мұхаммед Джевад Зариф кездесті

Тегеранға барған Гросси Иран Атом Энергиясы ұйымының төрағасы Али Акбар Салихимен кездесу өткізді.

1587831
Рафаэль Гросси мен Мұхаммед Джевад Зариф кездесті

Халықаралық Атом Энергиясы ұйымының (UAEA) төрағасы Рафаэль Гросси Тегеран кездесулері аясында Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зарифпен бас қосты. 

Иран Сыртқы істер министрлігінен жасалған мәлімдемеде Мұхаммед Джевад Зариф пен Рафаэль Гросси Тегеран мен Халықаралық Атом Энергиясы ұйымы арасындағы ынтымақтастық және агенттіктің мәселелердің шешімі үшін көрсеткен талпыныстарына байланысты көзқарас алмастырғаны білдірілді.

Иранның Халықаралық Атом Энергиясы ұйымы тұрақты өкілі Казым Гарибабадидің Твиттер желісінде жасаған мәлімдемесінде Гросси мен ирандық лауазымдылар арасындағы кездесудің "пайдалы" өткенін хабарланды. 

Казым Гарибабади Тегеранның кездесудің нәтижесіне байланысты мәлімет жарияламағанын жеткізді.

Тегеранның 23 ақпаннан бастап Ядролық Қарулардың таралуын тосу келісімі көлемінде атқарылған Қосымша хаттамадан шығуы және ядролық іс-шараларды арттыруына байланысты Тегеранға барған Гросси кеше Иран Атом Энергиясы ұйымының төрағасы Али Акбар Салихимен кездесу өткізді. 



Ұқсас жаңалықтар