Корея мен Иран бұғатталған валюта үшін келісті

Иран Орталық банкінің төрағасы Сеул әкімшілігінің ұстанымына риза болғандарын білдірді.

1588450
Корея мен Иран бұғатталған валюта үшін келісті

Иран мен Оңтүстік Корея Америка Құрама Штаттарының санкциялары салдарынан Оңтүстік Корея банктерінде бұғатталған Иранның валютасының қолданылуына байланысты келісімге келді.

Иран Орталық банкінің төрағасы Абдунассыр Химмети пен Оңтүстік Кореяның Ирандағы өкілетті елшісі Тегеранда резервтер жөнінде кездесу өткізді.

Иранның Тесним ақпарат агенттігіне қарағанда, кездесу Оңтүстік Кореяның Ирандағы елшілігінің сұрауына орай өткізілді. Кездесуде Иранның бұғатталған валюта резервтерінің трансфері мен бір бөлігін қолдануға байланысты келісім жасалды.

Иран Орталық банкінің төрағасы Сеул әкімшілігінің ұстанымына риза болғандарын білдірді.

Иран Оңтүстік Корея және басқа да елдердегі қаржы активтерін АҚШ санкциясы салдарынан қолдана алмай отыр.



Ұқсас жаңалықтар