Террор ұйымы Әзез ауданына шабуылдады

Сикко ауылында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында 5 бейбіт адам жарақат алды.

1587485
Террор ұйымы Әзез ауданына шабуылдады

Сирияның солтүстігіндегі Азез ауданының Сикко ауылында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 5 бейбіт адам жарақат алды.

Жарылыстан кейін шыққан өрт сөндіріліп, шабуылда айналадағы дүкендер мен үйлерге зиян келді.

Қауіпсіздік күштері әлі ешкім жауапкершілікті мойнына алмаған шабуылдың террор ұйымы YPG/PKK-ның жасағанын болжады.

Түркиямен шекаралас Сикко ауылы айналасында Асад режимі және террор ұйымдарынан қашқан бейбіт адамдар өмір сүрген лагерьлер орын алады.



Ұқсас жаңалықтар