НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы аяқталды

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының артынан баспасөз мәслихаты өткізді.

1586598
НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы аяқталды

НАТО Қорғаныс министрлері одақтың Ауғанстаннан шегінуі немесе бұл жерде қалу тақырыбында шешім қабылдамағанымен Ирактағы миссияны кеңейту туралы келісімге келді.

Бейнеконференция арқылы болып өткен және Түркия атынан Қорғаныс министрі Хулуси Акар өкілдік жасаған НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының екінші және соңғы күнгі отырысының артынан НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг баспасөз жиналысы өткізді.

Жиналыста Ауғанстан мен Ирактағы миссиялардың талқыланғанын атап айтқан Столтенберг Америка Құрама Штаттары (АҚШ) мен Талибан арасындағы келісімге сәйкес 1 мамырда Ауғанстаннан халықаралық күштердің шығуы туралы бір шешім қабылданбағанын мәлімдеді.

Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісі баяу жүріп жатқанына қарамастан, қолдағандарын қайталаған Столтенберг Ирак тақырыбында «Ирак күштеріне терроризмге қарсы күресте қолдау көрсету және ДАИШ-тің қайтып оралуына жол бермеу мақсатты НАТО-ның Ирак миссиясын кеңейту туралы шешім қабылдадық. Қызметкер санымыз 500-ден 4 мыңға дейін арттырылады. Бағдаттан тыс Ирактың көптеген аймақтары да қызмет алаңымызға қосылады» деді.

НАТО-ның Ирак үкіметінің талабы бойынша Иракта болғанын және осындай бір шешімді қабылдағанын баса айтқан Столтенберг «Бұл қызмет Ирактың егемендігі мен шекара тұтастығын құрметтеу ережесіне сәйкес жүргізілуде» деді.

Бас хатшы сондай-ақ Ирактағы қызметтің жетекшілігінің Канададан Данияға өтетінін де білдірді.



Ұқсас жаңалықтар