АҚШ Иранға қатысты бір шешім қабылдады

Иран Америка Құрама Штаттарының аталмыш шешімін ризашылықпен қабылдады.

1586763
АҚШ Иранға қатысты бір шешім қабылдады

Америка Құрама Штаттары Трамп кезеңінде қабылданған Иранға бағытталған барлық БҰҰ санкцияларын қайта іске асыруға мүмкіндік беретін механизмнің (snapback) жүзеге асырылуы шешімін болдырмайтын болды.

Америка Құрама Штаттарының БҰҰ-дағы Тұрақты өкілдігі БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жолдаған хатында Трамп әкімшілігі берген шешімнің болмайтынын білдірді.

Иран Америка Құрама Штаттарының аталмыш шешімін ризашылықпен қабылдады.

Иран Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джевад Зариф Трамп кезеңінде қабылданған шешімнің «құқықтық жарамдылығының болмағанын түсінгендеріне» риза екендерін хабарлады.

Ол АҚШ-ты ядролық келісімге қолдау беретін нөмірі 2231 БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі резолюциясына бағынуға шақырды. «АҚШ Трамп тарапынан қабылданған барлық санкцияларды шартсыз түрде алып тастауы керек.  Одан кейін біз де шараларымызды кері шегеміз» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар