Түріктер Суданға жәрдемді жалғастыруда

Түрік қайырымдылардың жәрдемімен Хартумда Даун синдромына шалдыққандарға арналған білім беру және реабилитация орталығы ашылды.

1585710
Түріктер Суданға жәрдемді жалғастыруда

Шығыс Африка елі Суданның астанасы Хартумда түрік қайырымдылар материал және жиһаз жәрдемін берген Даун синдромына шалдыққандарға арналған алғашқы білім беру мен реабилитация орталығы жұмыс бастады.

Судан Даун синдромына шалдыққандар орталығының тұсау кесер рәсіміне Түркияның Судандағы өкілетті елшісі Ирфан Незироғлу, түрік іскерлер және Даун синдромына шалдыққан оқушылардың отбасындағылар қатысты. 

Орталықтан 2 жастан 25 жасқа дейінгі Даун  синдромына шалдыққан 75  азамат пайдаланатыны білдірілді.  



Ұқсас жаңалықтар