НАТО 13 шәйіт үшін көңіл айтты

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг одақтас елдердің түрік халқына көңіл айтқанын білдірді.

1585911
НАТО 13 шәйіт үшін көңіл айтты

НАТО  бас хатшысы Йенс Столтенберг Гарада «13 түрік азаматының өлтірілуін айыптағандарын» атап, одақтастардың түрік халқына көңіл айтқанын білдірді.

Йенс Столтенберг бейнеконференция арқылы өткізілген екі күндік НАТО-ның Қорғаныс министрлері жиналысының алғашқы күнгі сессиясының артынан баспасөз жиналысы өткізді.

Ирактың солтүстігінде 13 түрік азаматының PKK террор ұйымы тарапынан өлтірілуімен байланысты қойылған бір сұраққа Столтенберг Түркияға көңіл айтқандарын айтып жауап қайтарды.

Столтенберг қырғынға жауаптыларды ең қатаң түрде айыптағанын атап «Одақтастар қорғаныс министрлерінің бүгінгі жиналысында көңіл айтты. Одақтастар түрік халқымен ынтымақтастыққа дайын» деді.



Ұқсас жаңалықтар