Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Жапонияда бір депутат отставкаға кетті.

1586035
Кейбір елдерде ковид көрсеткіштері

Әлем бойынша коронавирустан өлім-жітім екі миллион 441 мың 360-тан асты. Вирус жұқтырған адам саны 110 миллион 453мыңға жетті. Сауығып кеткендер саны болса 85 миллион 354 мыңнан асты.

Үндістанда эпидемия салдарынан 156 мың 38 адам қайтыс болды.  Вирус жұқтырған адам саны да он миллион 950 мың 201-ге жетті.

Соңғы 24 сағатта ковид-19-дан өлім-жітім Ливанда алпыс артып,  4 мың 152-ге, Тунисте 34 артып, 7 мың 651-ге, Мароккода болса  13 артып,  8 мың  517-ге жетті. Вирус жұқтырған адам саны да кезегімен  2 мың 479 артып,  346 мың  63, 787 артып,  225 мың 116, 508 артып,  479 мың 579 болды.

Жапонияда коронавирус сақтық шараларына қарамастан түнгі уақытта Токиода қыдырып жүргені ортаға шыққан биліктегі Либерал демократ партия депутаты Ширасука Такаки партиясынан отставкаға кетті. Ширасука 10 ақпан күні Токионың Акасака аймағы мен Азабужубан аймағындағы мейрамханада түнгі сағат 20-дан түн ортасына дейін болғанын мойындады.



Ұқсас жаңалықтар