"Ауғанстаннан уақыты келгенде кетеміз"

Столтенберг «Ауғанстандағы болмысымыз шарттарға тәуелді.  Талибан уәдесін орындауы қажет» деді.

1586093
"Ауғанстаннан уақыты келгенде кетеміз"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО-ның «уақыты келгенде» Ауғанстаннан кететінін білдірді.

Столтенберг видео конференция арқылы ұйымдастырылған НАТО Қорғаныс министрлері жиналысының бірінші күні отырысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.  Ол бүгінгі отырыстың күн тәртібіндегі НАТО-ның Ауғанстаннан кетуі немесе осы елде қалуы тақырыбындағы шешімге байланысты сұраққа жауап берді. «Ауғанстандағы болмысымыз шарттарға тәуелді.  Талибан уәдесін орындауы қажет» деді ол.

НАТО-ның Ауғанстан бейбітшілік процесіне қолдау бергенін білдірген Столтенберг: «Уақыты келгенде Ауғанстаннан кетеміз. Қазіргі басты тақырыбымыз – бейбітшілік процесіне қолдау беру және келіссөздерге көмектесу» деді.

Столтенберг одақтастардың ақылдасуда екенін және бірге шешім беретінін айтып, негізгі мәселенің Талибанның күш қолдануды азайтып, Әл Кайда секілді халықаралық террорлық ұйымдармен арасындағы байланысты доғару екенін тілге тиек етті.

 



Ұқсас жаңалықтар