130-дан астам елге еш вакцина жетпеген

БҰҰ Бас хатшысы дамыған елдерді міндетке шақырды.

1585849
130-дан астам елге еш вакцина жетпеген

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус эпидемиясына қарсы жетілдірілген вакциналардың тең және әділ таратылмағанын айтты. «Вакциналардың 75 пайызын тек он ел қолдануда. 130-дан астам елге бір доза да кетпеді» деді ол.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде ковид эпидемиясы және вакцинаға тең қолжетімділік тақырыбы талқыланған жиналыста сөз сөйлеген Гутерриш вирустың «орман өрті» секілді тараса,  әрдайым мутацияға ұшырайтынын, одан да жұқпалы болатынын айтып ескерту жасады.

Бас хатшы ковид эпидемиясына қарсы жетілдірілген вакцинаның тең және әділ таратылмағанын атап көрсетті. «Ковид вакциналарының 75 пайызы тек он елде қолданылуда. 130-дан астам елге бір доза да жеткен жоқ» деді ол.

Әлемге жаһандық вакциналау жоспары керектігін атап көрсеткен Антониу Гутерриш ең дамыған жиырма елді жаһандық вакциналау жоспарының орындалуы үшін жедел жағдай міндет күшін құруға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар