Шығыс елдерінде коронавирус

Үндістанда өлім-жітім 155 мың 949-дан асты.

1585113
Шығыс елдерінде коронавирус

Коронавирус себебімен қайтыс болғандардың саны әлем бойынша 2 миллион 429 мың 825-ке жетті. Вирус жұқтырғандардың саны 110 миллион 35 мыңнан, сауығып кеткендер саны болса 84 миллион 865 мыңнан асты.

Үндістанда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 109 адам қайтыс болды, 11 мың 795 адам вирус жұқтырды. Елде эпидемия салдарынан қайтыс болғандар саны 155 мың 949-ға, оқиға саны 10 миллион 937 мың 106-ға өсті.

Коронавирус салдарынан мың 777 адам қайтыс болған, 148 мың 296 адам вирус жұқтырған Нигерияда үкімет коронавируспен күрес аясында қосымша 1.4 миллион доза  AstraZeneca вакцинасы сатып алды. Аталмыш вакциналардың алғашқы 500 мың дозасы ақпан айының соңына дейін елге жеткізілмек.

Жапонияда эпидемия салдарынан 7 мың 15 адам қайтыс болды. 417 мың 765 оқиға тіркелген елде денсаулық қызметкерлеріне алғаш вакцина егу бағдарламасы басталды. Келесі аптаға дейін 40 мың денсаулық сақтау саласы қызметкеріне алғашқы дозаның егілуі жоспарлануда.

Эпидемия салдарынан 13 мың 192 адам қаза тапқан, 649 мың 982 адам вирус жұқтырған Иракта Неджеф губернаторы Луэй әл-Ясири ковид-19 эпидемиясымен күрес аясында басқа қалалармен шекараларын 4 күн бойынша жабуға шешім қабылдады.



Ұқсас жаңалықтар