Путин алдағы сайлауға байланысты ескерту жасады

Ол сырттан келетін килігулерге жол берілмейтінін айтты.

1585516
Путин алдағы сайлауға байланысты ескерту жасады

Ресей президенті Владимир Путин биыл өтетін парламенттік сайлауда елдің егемендігіне сырттан келетін килігулерге жол берілмейтінін білдірді.

Путин парламенттегі саяси партиялардың өкілдерімен жасаған жиналысында елінде күзде болатын сайлауды талқылады.  Ол сайлауға сырттан килігудің алдын алу тақырыбында барлық партиялардың келісімге келгенін айтты. «Осы сайлауды сырттан келетін килігулерден қорғауымыз қажет. Ресейдің егемендігіне бағытталған кезкелген бір соққыға жол бермейміз» деді ол.

Сонымен қатар Путин түрлі платформаларда қолданушы қолжетімділігін шектейтін IT компанияларының істерінің қауіп төндіргенін тілге тиек етті. Ол осы компаниялардың Америка Құрама Штаттарында да осындай істер атқарғанын еске салды. «Осы компаниялар өз елдерінде осылай жасаса,  басқа елдерге не істемейді? Бұл үлкен проблема. Мұны ойлануымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар