Әлемде коронавирус

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір тәулікте 799 адам қайтыс болды.

1585037
Әлемде коронавирус

Коронавирус салдарынан қайтыс болғандардың саны әлем бойынша екі миллион 429 мың 825-тен асты. Вирус жұқтырғандардың саны 110 миллион 35 мыңнан, сауығып кеткендердің саны болса 84 мың 865 мыңнан асты.

Өлім-жітім бір күнде 1105 артып, 499 мың 991 болған эпидемияның ошағы Америка Құрама Штаттарында вирус жұқтырғандардың саны 40 мың 400 артты.  Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 28 миллион 381 мың 220-ға жетті. Нью-Йорк мэрі Эндрью Гуомо қариялар үйіндегі ковид-19 өлімдердің жасырылуына байланысты сындарға орай қате жасағандарын мойындады. Нью-Йорк бас прокуратурасының 28 қаңтар күні жариялаған есебінде штаттың медицина басқармасы қариялар үйіндегі коронавирус өлімдерін елу пайыз аз қылып көрсетуіне орай сынға ұшыраған болатын. Медицина басқармасы коронавирусқа байланысты 8 мың 500 деп жариялаған өлім-жітім негізінде 15 мыңнан көп болып шықты.

Ковид-19 себебімен соңғы 24 сағатта Бразилияда мың 167, Мексикада мың  329, Аргентинада 106, Колумбиядa 163,Перуде 176, Чилиде 20, Боливияда 40 адам қайтыс болды. Осы деректерді қосқанда коронавирустан Бразилияда өлім-жітім 240 мың 983, Meксикада 175 мың 986, Aргентинада 50 мың 432, Колумбияда 57 мың 949, Перуде 44 мың 56, Чилиде 19 мың 644, Боливияда 11 мың 274 болды.

Ұлыбританияда вирус салдарынан соңғы бір тәулікте 799 адам қайтыс болды.  10 мың 625 жаңа оқиға тіркелді.  Елде өлім-жітім 118 мың 195, вирус жұқтырғандардың саны болса 4 миллион  58 мың 468 болды.

Италияда эпидемия салдарынан соңғы 24 сағатта 336 адам қайтыс болды. Жалпы өлім-жітім 94 мың  171-ге жетті. Вирус жұққан адам саны болса  10 мың 386 артып,  2 миллион  739 мың 591-ге жетті.

Францияда коронавирус салдарынан бір күнде 410 адам қайтыс болды.  Өлім-жітім 82 мың 812 болды.  Бір күнде тіркелген 19 мың 590 жаңа оқиғаны қосқанда,  вирус жұқтырғандар саны 3 миллион  489 мың 129-ға жетті.

Испанияда ковид-19-дан соңғы 24 сағатта 530 адам қайтыс болды.  Осылайша өлім-жітім 65 мың 979-ға жетті.  Бір күнде 10 мың  57 жаңа оқиға тіркеліп, вирус жұқтырғандар саны  3 миллион  96 мың 343-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар