Францияда талас болған заң қабылданды

Дауысқа салуда жобаға 151 «қарсы» дауыс, 347 «қабыл» дауыс берілді.

1585009
Францияда талас болған заң қабылданды

Францияда мұсылмандарды нысанаға алғаны себепті «жікшіл» деп аталған заң жобасы Ұлттық Мәжілісте қабылданды.

Дауысқа салуда жобаға 151 «қарсы» дауыс, 347 «қабыл» дауыс берілді.  65 депутат болса қалыс қалды.

Заң жобасы кезкелген бір кісіге қарсы күш қолдануды ынталандыратын немесе жынысына байланысты жікшілдік жасайтын діни қоғамдардың жабылуына мүмкіндік береді.

Заңда қоғамдық қызметкерлерге дініне байланысты қорқыту, күш қолдану және балағат сөз айтқандарға бес жыл түрме және 75 мың евро ақшалай жаза беріледі. Өздеріне шетелде берілген 10 мың евродан кқп бағыштардың қайнар көзін білдірмеген діни қоғамдарға 3750 евро айыппұл салынады.
Заң жобасы 3-16 жас арасы балаларға білім алуды міндеттейді,  алайда денсаулық немесе басқа да ерекше жағдайда мемлекеттің рұқсатымен үйде білім алу мүмкіндігіне еркіндік береді.

Жобада көп жұбай, күштен үйлендіру және жыныстық қатынаста болмаған деген анықтама секілді процедураларға да қарсы жазалар қарастырылған.

30 наурыз күні Сенатта талқыланатын жобаның осында дауысқа салынғаннан кейін қайтадан мәжіліске жіберілуі күтілуде.



Ұқсас жаңалықтар