Барлау қызметкерлері өлтірілді

Бұл туралы Иран Барлау министрлігі мәлім етті.

1585278
Барлау қызметкерлері өлтірілді

Иранның оңтүстік шығысындағы Систан–Белуджистан уәлаятында үш барлау қызметкерінің өлтірілгені білдірілді. Иран Барлау министрлігі жазбаша хабарлама жариялап, «Систан–Белуджистан уәлаятында қылмыстық топтардың бірін аңду барысында үш барлау әскері қаза тапты» деп мәлімдеді.

Хабарламада «қылмыстық топ» туралы мәлімет берілмеді.

Иранда террорлық ұйым деп қабылданған «Жейшул Адл» елдің оңтүстік шығысындағы Пәкістанмен шекарада орналасқан аталмыш аймақта кей-кейде қарулы лаңкестіктер жасап тұрады.



Ұқсас жаңалықтар