НАТО-ның дрондары міндетке дайын

Ұшқышсыз әуе көліктері құрлықтағы оқиғалар мен көріністер жөнінде қажет кезінде өте ауқымды ақпарат жинайды.

1584286
НАТО-ның дрондары міндетке дайын

НАТО-ның Одақтас құрлық бақылау флотына қарасты ұшқышсыз әуе көліктерінің одақтың шекарасында міндет атқаруға дайын екені білдірілді.

Еуропа Одақтас күштер жоғары қолбасшысы, генерал Тод Волтерс хабарлама жариялап, НАТО бағдарламасындағы ұшқышсыз дрондардың қозғалыс қабілетіне қол жеткізгенін,  бағдарлама арқасында НАТО шекарасында бақылау жүргізетінін білдірді.

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг НАТО Қорғаныс министрлері жиналысы туралы мәлімет беру кезінде флотта әлемнің ең дамыған ұшқышсыз әуе көліктерінің міндет атқаратынын,  көліктердің Сахел аймағынан Еуропаның ең солтүстігіне,  Таяу Шығыстан Атлант мұхитына дейін барлық жерге ұша алатынын атап көрсетті.
Столтенберг НАТО-ның осы ұшқышсыз әуе көліктерінің құрлықтағы оқиғалар мен көріністер жөнінде қажет кезінде өте ауқымды ақпарат жинайтынын,  осы жиһаздардың жерге көмілген, қолдан жасалған жарылғыштарды да анықтай алатынын айтты.



Ұқсас жаңалықтар