С.Корея баллистикалық зымыран жетілдіруді жалғастыруда

БҰҰ санкциялар жөніндегі комитеттің сарапшылары тақырыппен байланысты ақпарат бөлісті.

1579820
С.Корея баллистикалық зымыран жетілдіруді жалғастыруда

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Солтүстік Кореяның санкцияларға қарамастан 2020 жылы ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламасын жетілдіруді жалғастырғанын білдірді.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Солтүстік Кореяның санкциялар жөніндегі комитетінің сарапшылар тобына қарағанда Солтүстік Корея әскери парадтарда жаңа шағын және орта қашықтықтағы сүңгуір қайықтардан ұшырылған және құрлықаралық баллистикалық зымыран жүйелерін көрсетті.

Солтүстік Кореяның жаңа баллистикалық зымыран оқтұмсықтарын сынақтан өткізгенін және тактикалық ядролық қару жетілдіру дайындықтарын жүргізіп жатқанын жариялаған рапортта Пхеньянның ядролық қондырғыларды жөндеуден өткізгені және баллистикалық зымыран инфрақұрылымын жетілдіргені баса айтылды.

Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық зымыран бағдарламалары үшін материал мен технология ізденісін жалғастырғанына назар аударған рапортта сарапшылар кеңесі Пхеньянның кемеден кемеге тасымалдау арқылы заңсыз таза мұнай импортын да тергегенін және жыл сайын 500 мың баррель мұнай шектеуінен бірнеше рет асып түскені атап көрсетілді.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 2017 жылы ядролық бағдарламасын жалғастырған Солтүстік Кореяның тазартылған мұнай және мұнай өнімдері импортына жыл сайын 500 мың баррель мөлшерінде шектеу қойған еді.

Кеңес Солтүстік Кореяға сондай-ақ 2006 жылдан бастап, экономикалық және әскери санкциялар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар